Муай-тайдан атыраулық құрама екінші орын иеленді

(0 Votes)
Муай-тайдан атыраулық құрама екінші орын иеленді

 Таяуда Алматы қаласында Муай-тайдан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 

Еліміздің 11 өңірінен 100-ден астам спортшы қатысқан сайыста Атырау облысы спортшылары 4 алтын және 4 қола жүлдемен командалық есепте екінші орынға ие болды. Атап айтқанда, ерлер арасында 45 келіде Нұрдаулет Өтеғали, 51 келіде Шамиль Курбанов және 63,5 келіде Әбіл Галиев алтын жүлде алса, 48 келіде Еламан Батырғали, 54 келіде Мейіржан Баймұрза және 91 келіде Азатжан Габбасов қола жүлдегер атанды.

Алматыдағы жарыста қыздар да осал болмады. 67 келіде Аида Хайруллина жарыс жеңімпазы атанып, 51 келіде Аниса Гайниева қола медаль еншілегін сында Атырау облысының аға жаттықтырушысы Нұрберен Әміржанов «үздік бапкер» номинациясымен марапатталды.

Ел чемпионатының жеңімпаздары енді Грецияның Патрас қаласында өтетін ересектер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсететін болады.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521