2024 жылғы 24 сәуірдегі Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел мәлімет

(0 Votes)

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 24 сәуір сағат 8-дегі жағдай:

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:    

 
Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 597 см., деңгейдің +10 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 374 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 715 см., тәулігіне + 5 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 398 см құрайды.
  
Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 422 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі +4 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 231 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

"24 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.

Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521