Доссорда қыздар арасында волейболдан сайыс өтті

(0 Votes)
Доссорда қыздар арасында волейболдан сайыс өтті

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Доссор балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде қыздар арасында волейболдан жарыс өткізілді.

 Ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімінің орынбасары Б.Жайкин, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Н.Исполов, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Е.Мақсотов қатысушыларға сәттілік тіледі.

13 команда қатысқан спорттық іс-шарада «Жастар ресурстық орталығы» командасы І орын, А.Құнанбаев атындағы орта мектеп командасы ІІ орын, С.Шарипов атындағы мектеп-интернаты командасы ІІІ орын алды.

«Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі және «Ботақан» ясли балабақшасы командалары марапатталды.

Барлық жүлдегер командаларға кубок, медаль, дипломдар табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521