Доссорлық каратэшілер топ жарды

(0 Votes)
Доссорлық каратэшілер топ жарды

Жақында Атырау қаласында годзю-рю каратэден балалар мен жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат өтті. 

Аталған жарысқа Доссор балалар-жасөспірімдер спорт мектебінен 10 оқушы қатысып, оның 7-еуі жүлделі оралды. Атап айтқанда, Бек Таңатар I орынды еншілеп, қоржынды алтын медальмен толықтырса, Әсемай Шалиева, Мейрамгүл Берікқали, Мадина Жауғашар, Зайнаб Жауғашар, Аягөз Садиман II орынды иеленді. Ал, Медина Эдуард III орынды алып, қола медаль иегері атанды.

Бұл тұста айта кетейік, облыстық чемпионатта топ жарған спортшылардың жеңісінде жаттықтырушы Айдана Саясатованың еңбегі зор.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521