Мақатта эпидемиологиялық жағдай тұрақты

(0 Votes)

Бүгінде әлем жұртшылығын дүрліктірген коронавирус көптеген елдерге тарап үлгерді. Елімізде де күннен-күнге саны өсіп бара жатқандығы барша отандастарымызды алаңдатып отыр. Алаңдағаннан гөрі оны өршітпеудің алдын алу шараларына көбірек көңіл бөлуге денсаулық сақтау саласының мамандары кеңес береді.

Аудандық аурухана директоры Батырбек Оңдасыновтан білгеніміздей, Мақат ауданы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Ауданымыз аты жаман індеттің таралуының алдын алу және індет байқалған жағдайда, оны емдеуге дайын тұр. Сақтық шаралары күшейтілді. Аудандық аурхананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде қосымша провизорлық 15 кереует дайындалды. Резервте тағы бір орынды дайындау жұмысымен аудан әкімдігі айналысуда.

«Көп адам қатысатын шараларды тоқтату керек. Той, топырдан, көпшілік жиналатын орындардан аулақ болуға, сондай-ақ, жеке гигиенаға мұқият қарау қажет. Оның ішінде қолды үнемі жуу, маска кию, үйде де санитарлық норма талаптарына сауаттылықпен қарауға кеңес беремін»-дейді Б.Оңдасынов.

Г.САЛИКОВА

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521