Денсаулығыңызға шағымыңыз бар ма?

(0 Votes)

Обыр ауруы – дүние жүзінде өлім-жітімнің негізгі себепшісі  болып табылады. Жалпы, обырдың түріне, ағымына, даму сатысына және ағзаның ерекшелігіне байланысты емге бағындыру мүмкіндіктері бар. Обыр қаншалықты ерте анықталса, соншалықты одан толық емделіп шығу мүмкіндігі жоғары болады. Обырды тудыратын себеп-салдардың қатары өте көп.

Аурудың басталған уақыты көп жағдайда мүлдем білінбейді. Бірақ өте келе, бұл қауіпті дерт – ағзаны іштен бұзатын процесс ушығып кеткен кезде бір-ақ бойын көрсете бастайды. Обырды бастапқы сатысында анықтау үшін, қатерлі ісіктің туындағанын сипаттайтын белгілерді әрқашан есте ұстап, біліне бастағанда дер кезінде дәрігерге көріну қажет немесе жылма-жыл  медициналық  ұйымдарда  жоспарланған  скринингті тексерістен міндетті түрде  өту керек. Обырдың туындауына әкеліп соқтыратын патологиялық өзгерістерді болдырмас үшін, сондай-ақ, ісікті ең бастапқы сатысында анықтау үшін скринингтің ролі зор. Қазақстанда жатыр мойны, сүт безі, тоқ ішек обырына қатысты скринингтің бірнеше түрі жасалады.  Бүгінде аудан бойынша  қатерлі ісіктің  табылуы   бір жылда  51 науқасқа жетіп отыр. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда  12 науқасқа өсіп отыр. Дегенмен скринингті тексеріс нәтижесінде  ерте сатысында табылғандар  саны артқан. Бұл дегеніміз емдеу тиімділігін арттыруға, өмір сүру ұзақтығын арттыруға  үлкен нәтиже беретін көрсеткіш. Сондай-ақ, әйелдер мен ерлерді қарау кабинеттері де осы мақсатта жұмыс жасайды. Сондықтан жылына бір рет профилактикалық тексерістен өтіп, өзіңізді әр түрлі аурулардан қорғауға  жауапты екеніңізді ескергеніңіз де жөн болар еді. Ерте сатыда анықталған  обырды емдеу әрі жеңіл, әрі сіздің өмір сүру ұзақтығыңызды сақтауға мол мүмкіндік береді.

Төмендегі көрсетілген белгілер немесе қауіптің байқалғаны – обырдың қандай да бір түрінің бар немесе жоқ екенін тексертіп алудың өте маңызды себебі бола алады. Олардың қатарына пигменттік дақ және қалдардың түсі, көлемі не пішіні өзгереді, меңдер жарылып қыши бастайды, жайсыздық сезімі байқалады, ауыз, тіл, еріннің шырышты қабығы мен бүкіл теріде жарықтар, ісіктер, қатты ұлпалар немесе жаралар пайда болуы, асты жұтқан кезде немесе тағам асқазанға өткен кезде бір кедергіні сезіну, созылмалы гастрит кезінде аурудың сипаты не ұзақтығының өзгеруі, жайдан-жай шаршау, тәбеттің болмауы, төс шеміршек асты тұсындағы ауырлық сезімі немесе оның ауруы, іштің қатуы немесе өтуі, үлкен не кіші дәретке барғанда қанның шығуы, үлкен дәреттің қараюы, жөтел, қанды қақырықтың пайда болуы, кеуде тұсының ауруы, тамақтың қарлығуы, сүт бездеріндегі ұлпалардың нығыздалуы, емшек тұсындағы жаралар немесе жарықтардың туындауы, әйелдерде етеккірге ұқсамайтын қан бөлініп шығуы.

Құрметті азамат, егер Сізде  осы жоғарыда аталған шағымдардың кем дегенде үш белгісі байқалса, тез арада дәрігер кеңесіне жүгініңіз.

К.Мендыгалиева,

басқарма статисі

Сурет: ашық дереккөз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521