Ауданда «Абайтану» олимпиадасы өтті

(0 Votes)
Ауданда «Абайтану» олимпиадасы өтті

 А.Құнанбаев атындағы орта мектепте песпубликалық “Абайтану” олимпиадасының аудандық кезеңі өтті. Дәстүрлі түрде өткізіліп жүрген аталмыш олимпиаданың басты мақсаты - өскелең ұрпаққа Абай шығармаларын оқыту арқылы көркемсөздің танымдық, тағылымдық, эстетикалық мән-маңызын түсіндіру, қажетті білім,білік дағдыларын қалыптастыру. 

Алғашқы кезеңде қатысушылар ақынның қарасөздері мен поэзиясы негізінде дайындаған тақырыптардың біріне эссе жазды. Ал екінші кезеңде Абай шығармалары негізінде арнайы тапсырмалар орындалып, сарапқа салынды.

Жалпы білім беретін мектептердегі 9-11 сынып оқушылары қатысқан олимпиаданың нәтижесінде бірінші бағыт бойынша III орынды А.Құнанбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Әсем Таумұқан, II орынды Х.Санбаев орта мектебінің 10 сынып оқушысы Жарқынай Амангелді иеленді. Ал I орынды Х.Санбаев атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Інжу Амангелді иеленіп, жеңімпаз атанды.

Екінші бағыт бойынша М.Баймұханов орта мектебінің 11 сынып оқушысы Мерей Азаматқызы мен Б.Қанатбаев орта мектебінің 11 сынып оқушысы Амина Амангелдінің мерейі үстем болды.

Жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алды.

Ж.Қамза

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521