Жас бишілер топ жарды

(0 Votes)
Жас бишілер топ жарды

Жақында Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында "Танцуй всей душой" атты халықаралық би конкурсы өткен болатын. 

600-ге жуық өнерпаз, 50-ге жуық би топтары бақ сынаған байқауда Р.Ғабдиев атындағы балалар өнер мектебінің «АЙ-ХАНША» кіші топ бишілері «Шуақты нұрлы шақ» атты қазақ биімен бас жүлдеге ие болып, аудан абыройын асқақтатты.

Таланттылар додасында жеңіске жеткен бишілер бұған дейін де бірқатар белестерді бағындырып жүр. Бұл ретте би тобының жетекшісі Нұргүл Еркінқызы мен би қойылымының жетекшісі Аслан Сержанұлының еңбегін айта кеткеніміз жөн.

Осы тұста халықаралық байқаудан жеңіспен оралған бишілерді аудан жұртшылығы зор құрметпен күтіп алды. Жеңімпаздарды күтіп алуға аудандық білім бөлімінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Дулат Ғалымжанұлы, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Ерболат Серікқалиұлы және аталған өнер мектебінің басшысы Мағзом Семғалиұлы мен бишілердің ата-аналары, ұстаздары жиналды.

Ташкентте өткен байқауда тек ауданның ғана емес, еліміздің мерейін үстем еткен бишілерге және би жетекшісіне Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінің директоры өз алғысын айтып, оларды жеңісімен құттықтады.

Сондай-ақ, білім бөлімінің қызметкерлері де өнерпаздарға әрдайым жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілек білдірді.

Өз кезегінде би тобының жетекшісі Нұргүл Еркінқызы ыстық ықылыспен күтіп алған жерлестеріне ризашылығын жеткізді.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521