Әке мен бала

(0 Votes)

Халықаралық отбасы күніне орай облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Атырау облысының іскер әйелдері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі бірлесіп, «Тау тұлға әке, ізбасар ұл» тақырыбында облыстық әкелер және ұлдар слеті өткізді.

Бұл шара әкенің отбасындағы және бала тәрбиесіндегі рөліне жұртшылықтың назарын аударту болатын Слетке ауданнан 5 әке мен ұл, аудан әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы А.Кеуелова қатысты. Олар Есенбек Көшкенов пен ұлы Сәттібек Бақтыгерей, Айболат Қапақов пен Ілияс Қапақов, Қанат Боранбаев пен ұлы Дәрмен Жақсығали, Ерлан Шынтасов пен Мансұр Шынтас, Жақсылық Ұнаганов пен Аман Шайхиев. Слетте отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынасы туралы ой қозғап, пікірлерін білдірді.

Жиын барысында облыс әкімінің Алғыс хатымен Қапақов Айболат пен Сәттібек Бақтыгерей марапатталды.

Өз тілшіміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521