Пәтер кезек тәртібімен беріледі

(0 Votes)

Аудан әкімі Жұмабай Қарағаев Доссор кентінің тұрғындарын қабылдады.

Қабылдауда кент тұрғындары әлеуметтік көмек, пәтер алу, жер мәселесі, жұмысқа орналасу, жеке кәсіпкерлік жайында өздерін мазалаған сұрақтармен бөлісті.

Қабылдауға келген Гүлшат Жұмағалиева 2006 жылы үй кезегіне тіркелгенін, 2016 жылы себепсіз кезектен түсірілгенін айтып шағымданды. Оған тұрғылықты тұрағы ауданнан тыс Атырау қаласына ауыстырылуына орай кезектен алынғаны айтып түсіндірілді. Тұрғын үй мәселесімен келген тағы да бір өтініш білдіруші Бектұрғанова Тойған өзінің мекен-жайын апатты екенін алға тартып, пәтер сұрады. Доссор кентінен жаңа пәтердің құрылысы басталатынын қаперге беріп, пәтер тәртіп бойынша кезекке сәйкес бөлінеді деп жауап берді аудан басшысы.

Сондай-ақ, қоғамдық дәретхана ашу, сәрсенбі сайын өткізілетін ауыл шаруашылық тауарларының жәрмеңкесінің тұрағын өзгерту туралы сауалдар қойылды.

Қабылдау барысында азаматтардың өтініштерін тыңдаған аудан басшысы әр мәселеге жеке тоқтап, заң аясында шешу жолдарын түсіндірді.

М.ІЗТҰРҒАНОВА,

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521