Бақуатты қоғамға ұмтылыс бүгіннен басталады

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясы күн тәртібінде Партия төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның кезекті ХVІІІ Съезінде берген тапсырмаларын «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл ел - бесігі», «Құтты мекен» ұлттық жобаларын іске асыру туралы және «Nur Otan» партиясының Атырау облыстық филиалының кезектен тыс ХХХ конференциясына делегаттар сайлау, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесі және Саяси кеңесі бюросының құрамына өзгерістер енгізу туралы мәселелер қаралды.

Төралқада аудандық филиал төрағасы Жұмабай Қарағаев конференция жұмысын жүргізді. Конференцияға 80 делегат қатысып, күн тәртібіндегі жұмысын жүргізуге өкілеттік берді.

Делегаттар қатарында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, аудандық мәслихат депутаттары, фракция мүшелері, жергілікті атқарушы органдар басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері қатысты.

Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Ермағанбетов съезд тапсырмаларынан туындаған мәселелердің орындалысы туралы баяндады.

Толығырақ газетіміздің № 16 санынан оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521