Адасқанның алды-жөн,арты-соқпақ

(0 Votes)

«Еліміздің басты капиталы - білімді жастар» деген болатын Тұңғыш Елбасымыз. Білім мен ғылымның арқасында адамзат баласы өркендеп, өсіп, алға қарай жылжып келеді. Әсіресе жасөспірімдердің діни сауаттылығын көтеру - уақыт талабынан туындап отырған міндет.

Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауларында радикализм, экстремизм және терроризмнің барлық түрлері мен көріністеріне қарсы күрес жүргізуді мемлекет пен оның институттарының маңызды бағыты ретінде белгілеп берген болатын. Соның аясында ауданымызда көптеген іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, экстремизмнің алдын алу, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, дін саласындағы ақпараттық-ағарту жұмыс жүргізетін аудандық ақпараттық түсіндірме топтарының 2018-2019 жылдарына арналған жұмыс жоспарына сәйкес және Тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жығы 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын кейбір мәселелерді түсіндіру мақсатында ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен кездесулер өтті.

Өткен аптаның сейсенбісі мен сәрсенбісінде аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері Ләззат Бексұлтанова, аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Әсел Қаржауова, «Шапағат» деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қорының теологы Шүкриддин Темірқұлұлы, аудандық Жұмыспен қамту орталығының маманы Медет Қайратов «Доссормұнайгаз» МГӨБ-на қарасты «Қарсақ», «Ботақан», «Шығыс Мақат», «Солтүстік Жолдыбай» кен орындарының жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында Шүкриддин Темірқұлұлы ата дініміз-исламның тарихына шолу жасады.

Толығарақ газетіміздің №16 санында

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521