Жазатайым оқиғалар олақтықтан орын алды

(0 Votes)

«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғимараттардың, үй-жайлардың түтіндік және желдеткіш арналарының, инженерлік коммуникацияларды қосу нығыздамаларының иелері олардың жарамды техникалық күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Осы талаптардың орындалысын аудан көлемінде бақылау Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның, яғни аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің құзіретінде.

Уытты газбен улану себебін талдау, барлық жазатайым оқиғалардың себебі түтіндік тартқыштың жеткіліксіздігі немесе мүлде болмауы екендігін көрсетіп отыр. Оларды мерзімдік алдын ала тазарту жұмыстары жүзеге асырылмайды. Сонымен қатар қауіпсіздік және құрылыс нормалары бойынша талаптарды бұзушылықпен құрастырылған түтіндіктер кездеседі. Сонымен бірге уланулар мен жарылыстардың елеулі бөлігі зардап шегушілердің жылыту аспаптарына немқұрайлы қарауынан болып отыр. кей жағдайда байқағанымыздай, оларды өз бетімен қосу немесе ауыстыруға да жол беріліп келеді. Ал, күмән туғызатын немесе қолдан жасалған өндіріс жабдықтарын пайдалану мүлдем болмаса да, оған да жол беріліп келеді.

Баршамызға белгілі, таяуда Астана қаласында орын алған келеңсіздіктің кесірі бес бірдей баланың өмірін қиды. Павлодар облысында төрт адамның опат болуына да осындай жазатайым оқиғалар себеп болып отыр. Бәрі де заң талаптарын орындамай, қауіпсіздік ережелеріне бей-жай қарау салдарынан болып отыр.

Осыған орай, аудандық тұрғын үй инспекциясы бөлімі аудан тұрғындарын тұрмыстық және коммуналдық тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін пайдалану қауіпсіздігі талаптарын сақтауда аса жауапкершілікпен қарап, жазатайым оқиғалардың алдын алу шараларын қамтамасыз етуге шақырады.

2018-2019 жылдардағы жылыту маусымында ғана еліміздің газдандырылған өңірлерінде 37 жазатайым оқиға тіркелген. Онда 80 адам зардап шегіп, 36 адам өлімі болған.

Б.ЖАЙКИН,

ауданның тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521