Автобустардың уақыты реттелсе екен

(0 Votes)

Аудан басшылығының қолдауымен жергілікті тұрғындардың тасымалын ұйымдастырып бергеніне алғысымыз шексіз.

Бұл халықтың әлеуетін көтеріп, қолжетімді жолақы мөлшерімен діттеген жеріне жетуіне үлкен мүмкіндік. Мақаттағы ішаралық автобустардың қарама-қарсы бағыттағы маршруты тұтынушы талабынан шығуы үшін ыңғайланып, үздіксіз жолға шығады. Әрине, жергілікті билік өкілдері тасымал көліктерінің әр бағытын қадағалап отыруы мүмкін болмас. Көліктер мүмкіндігінше тоқтаусыз жүріп жатыр. Дегенмен, «шүкірге тоймайтын халықпыз» -деп, мойындасақ та, халық үшін жасалған жақсылықтың игілігін дер кезінде көргіміз келеді. Себебі, 8 сағаттық қызметтегі тұрғындар 12:30 - 13 сағатта түскі үзіліске шыққан кезде бұл көліктердің қарасын көрмей қаламыз. Сонан соң, күтуге тура келеді.

Ал күтіп кеп қалғанда 30-35 минут уақытымыздан ұтыламыз. Сөйтіп, автобустың игілігін көрмей, таксиге бармасқа амалымыз жоқ. Ұйымдастырушылар автобус маршрутының уақыт белгілеп, түскі үзіліске шығатын қызметкерлер мен жұмысшылардың уақытына сай қозғалысын үйлестіріп берсе, нұр үстіне нұр болар еді. Сондықтан, қызмет көрсететін жауапты мекеме басшылығы тұтынушы талабын ескерер деген үміттеміз.

К.ГҮЛАЙЫМ.

Мақат тұрғыны.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521