Қайырымдылық іс жалғасын табуда

(0 Votes)

Елімізде жаңадан бағыт алған бағдарламалар мен республикалық маңызы бар шаралар халықтың әлеуметтік қамтылуына баса назар аударылып келеді.

Осындай оңды істердің бірі - "Мектепке жол" дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясы.

Мақат кентіндегі №2 бастауыш мектебінде қайырымдылық акциясы нәтижесіз емес. Оқушылардың мектепке толық баруын қамтамасыз етіп, мектептегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушыларды анықтап, балаларға көмек көрсетуді мақсат тұтқан акцияға жергілікті кәсіпкерлер, мекеме ұжымдары және аудан азматтары көптеп тартылуда. Қайырымды істің қасынан табылған НКОК компаниясы мектебіміздің 9 оқушысына мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын, Мақат ауданы әкім аппараты 1 оқушыға 13 000 теңге көлемінде мектеп формасы мен сөмке, оқу құралдарын алып берсе, "Нұр Отан" партиясы 1 оқушыға оқу құралдарымен, Мақат желілік өндірістік басқармасы 3 оқушыны 26840 теңгеге мектеп формасы, аяқ киімдермен қамтамасыз етті. Сонымен бірге Мақат ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 1 оқушыға 11600 теңге мектеп формасымен, Мақат аудандық ішкі істер бөлімі 5 оқушыға 24230 теңге көлемінде сумка, оқу құралдары, спорттық киімдер мен аяқ киімдерін, «Шапағат» шипажай бала бақша ұжымы 1 оқушыға 15025 теңге көлемінде мектеп формасы мен аяқ киімдерін сыйлады. Жеке кәсіпкерлер: "Аманиязов Жолдасқали" 2 оқушыға 20000 теңге көлемінде, ЖК "Асылбек Е.О" 1 оқушыға 16500 теңге көлемінде мектеп формасы, аяқ киім және оқу құралдарын алып берді. Мұратбек 1 оқушыға 12000 теңге көлемінде сөмке, оқу құралдарын және спорттық киімдерін алып берді. Мектеп ұстаздары да оқушыларды оқу құралдарымен қуантты. «Ембімұнайгаз» өндірістік мекемесінен 5 оқушыны қамту жоспарлануда.

Н.АЮПОВА,

№2 бастауыш мектебінің әлеуметтік педагогі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521