Араққа арбалған ана

(0 Votes)

Кеше жұмыстан шығып, үйірмедегі қызымды жол айрығында күтіп тұрғанмын. Дәл алдымнан теңселе басқан қара келіншек жанындағы тоғыз жасар ұлымен өтіп бара жатты. Байғұс бала анасының теңселгенін білдіргісі келмегені көрініп тұр.

Әлденеге риза болғансып: «Иә, иә, мама, сенің айтқаның болады. Қазір барамыз» деп қояды. Олар көз ұшында ұзап кеткенше артыма бұрылып, олар туралы, олардың өмірі туралы ойланып кетіппін. Бір уақытта қызымның: «Мама, кімді күтіп тұрсың. Мен келдім» деген даусынан селк ете түстім.

Осы көрініс ойымнан кетпей қойды. Қалыпты құбылыс болса да, өзегімді өртеді. Бұл қара келіншекті мен бұрыннан танитынмын. Келіншек деймін-ау тіпті, оны талдырмаш кішкене қыз кезінен танитынмын. Оның анасы да, нағашы ағасы да ішімдікке жақын болатын. Аудан орталығына жақын жердегі ауылдан көшіп келіп, времянкада тұрды. Кейін көпқабатты үйлердің бірінен пәтер сатып алғанын да білетінмін.. Содан соң бірнеше жылдар өткен соң дәл осы қызды әйелдер консультациясында кезекте отырған кезде кезіктірдім. Жанында ұзын бойлы қара торы жігіт айналшықтап жүр. Оны да тани кеттім. Мен сабақ берген Ержан атты ұл «Бұл жерде ер адамдар жүрмеуші еді» деп күлген қыздарға: «Мені уайымдаған түрі ғой» деп жымиғаны да есімде. Ішімнен сабаққа аса қызығушылығы жоқ оқушымның жақсы, қамқор азамат болғанына риза болдым.

Уақыт кімді жеткізген, жүйрік ғой, шіркін. Бірде әлгі қара келіншек жанында бірнеше әйелдермен қосылып, үйдің жанында ішімдік ішіп тұрғанын көзім шалды. Өз көзіме өзім сенбедім. Оны танитын нағашы жеңгесінен сұрағанымда: «Иә, қанша дегенмен қанмен келген ауру ғой. Анасы мен нағашысының араққұмарлығы қайда кетсін» деген еді. Тіпті, құдай қосқан қосағынан да осы ішімдіктің кесірінен айырылыпты...

Толығырақ газетіміздің № 15 санынан оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521