Тарихи кезеңнің жауапкершілігін сезінеміз

(0 Votes)

Бүгінгі таңда тарихи оқиғалардың куәсі болып отырмыз.

Жалпы, еліміздегі жасалынып жатқан әр тарихи қадам өз ретімен, сәтімен келе жатыр.

Еліміздің талай даналары мен данышпандары  көре алмай кеткен Тәуелсіздікті көру біздің заманымызға бұйырып отыр. Сондықтан сындарлы сәтте ұстамдылық пен өзара келісіммен шешім алу әрбірімізге азаматтық жауапкершілік жүктейді.

Қазақстан Президенті сайлауын өткізу - тарихи кезеңде шешуші рөл атқаратын маңызды ісі.

Президент сайлауы – елдегі  тұтастық пен демократияның биік шыңын көрсетеді деп сенеміз. Бұл - халықты патриоттық шешімге жетелейтін терең мәні бар процесс.

Таңдау халықта. Еліміздің даму жолын, тарихын сараптауға аға буын ұдайы зор көңіл бөліп, жүріп өткен жол мен алар белесті болжауды қатар ұстанады. Сайлау -жалпыхалықтық іс. Оған жас та, кәрі де, бар ұлт өкілдері де атсалысады, өз таңдауын қалайды, қолдайды. Әсіресе, болашағынан көп үміті мен арман асқары басым жастар үшін маңызды өте зор. Қазақстан Республикасының Президенті сайлауын өткізуді қолдаймын.

Аудандық аналар кеңесінің төрайымы ретінде барша жерлестерімді ҚР Президентін сайлауға, бірлік пен тұрақтылыққа  бірге баруға шақырамын.

 Сәния ТЕЛЕУБАЕВА,

аудандық аналар кеңесінің төрайымы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521