Ағашына қарап,ауылын таниды

(0 Votes)

«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» дейді.

Туған жерін түлету мақсатында азаматтардың көшет отырғызуға тиянақты мән беріп,оны күтіп-баптауда белсенділік танытып келетіні– құптарлық іс. Ересектермен қатар, оқушылар да өз атынан көшет отырғыза бастады.

20 сәуір күні елімізде өтетін жалпыхалықтық ағаш егу акциясынан мақаттықтар да қалыс қалмай, дайындалу үстінде. Ол үшін өткен аптада көшет отырғызар шұңқырлар қазылып, оны құнарландыру ісі жүргізілді.

Акция барысында «Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет» деген нақыл сөзді ұстанған аудан тұрғындары көше бойларына 3400 көшетті отырғызуға дайындық үстінде.

Егер де әрбір қала тұрғыны өз ауласын таза ұстаса, егілген ағаш көшеттерінің өсуіне жағдай жасаса, үйлерінің қасбеттерін әктесе, ауылдарымыздың бұдан да ажарлана түсетіні ақиқат.

Сондықтан барлық аудан тұрғындарын тазалық ісіне бір кісідей атсалысуға, егілген ағаштарды суарып, баптауға шақырамыз!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521