65 мың теңге ақша емес пе? жұмыссыздардың көбі оны аздық етеді

(0 Votes)

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы» аясында «Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі» болып өтті.

Акция кезінде «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын» жүзеге асыруды қамтамасыз етуші мемлекеттік органдар арқылы халықты жұмыспен қамту бағдарламасы түсіндіріліп, оған жастарды, жұмыссыздар мен аз қамтылған, өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды тарту жөніндегі кеңестер берілді.

Жәрмеңкеде аудандық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары, аудандық кәсіпкерлік палатасы, аудандық жастар ресурстық орталығы қатысып, келген азаматтарға заңды кеңестерін берді. Сонымен бірге қатысушылар тарапынан кәсіпкерлікті ашу, несие алу жөнінде сұрақтар қойып, тиісті жауаптар берілді.

Одан өзге жұмыс ұсынушы қатарында 4 мекеме қатысып, жұмыссыздар тарапынан түйіндемелері қабылданды.

Толығырақ газетімізден оқисыздар

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521