Бала денсаулығы – басты назарда

(0 Votes)

Өткен аптада облыстық балалар ауруханасының білікті дәрігерлері ауданымызда болып, балаларды қабылдады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жылдық жоспарына сәйкес әр ауданда жылына екі рет ашық есік ұйымдастыруды міндетке алған ақ халатты абзал жандар күні бойы 398 баланы қабылдап, оның 21-іне облыстық ауруханаға жолдама берді.

Облыс орталығынан шалғай орналасқан ауылдық жерлерде тұратын балалардың денсаулығына мән беріп, олардың дәрігерлік көмекке қолжетімділігін жақсарту әрі дәрігерлік көмек беруде мамандардың өзара ынтымақтасты қызмет етуін мақсат еткен сала мамандары уақытымен құлақтанып, өздерінен дәрігерлік кеңес, көмек алуға асыққан аналардың көп болғандығына разылығын білдірді. Бұл ретте аудандық аурухана ұжымының жұмысты жедел ұйымдастырып, жергілікті халықтың медициналық көмекке мұқтаждығын қамтуды қолға алғандығы көрініп тұр.

- Біздің болашағымыз - тікелей балалардың денсаулығына байланысты. Сондықтан да бүгінгі таңда елімізде әр баланың денсаулығына аса жоғары мән беріліп келеді. Жас жеткіншектердің денсаулығын қорғау – мемлекеттің маңызды стратегиялық міндеті болып саналады. Өйткені ересек тұрғындардың денсаулығы бала жастан қалыптасатыны белгілі. Жұқпалы емес аурулар қаупінің жетекші факторлары – дене салмағының шамадан тыс артық болуы, семіздіктің түрлі деңгейлері, сонымен қатар, дұрыс емес тамақтану, оның ішінде майлы тағамдарды, қант пен тұзды шамадан тыс (тәулігіне 5 грамнан артық) қолдану, жеміс-жидектер мен көкеністерді жеткіліксіз түрде пайдалану болып табылады. Біздер, облыстық балалар ауруханасы ұжымынан құрамында бір топ білікті жоғары санатты дәрігерлер болып, ауданға келіп отырмыз.

Дәрігер қабылдауына балаларымен келген аналардың бәрі разы болып, алғысын білдіріп жатыр. Өз кезегінде дәрігерлер де көмек беруге асығуда. Бұл жолы топ құрамында: травматолог-ортопед, хирург, педиатр, невропатолог, онкогематолог, узи кардиолог, аллерголог мамандар бар. Бүгін негізі невропатологқа және узи кардиологқа жазылушылар саны көп болды. Түске дейін-ақ, невропатологқа 60 баланы қабылдауға тура келді, -деді дәрігерлерді бастап келген облыстық балалар ауруханасы директорының орынбасары Ерлан Дабысов.

Г.САЛИКОВА,

Суреттер автордікі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521