Мемлекеттің келешегіне сенім артты

(0 Votes)

Мемлекет басшысының өкілеттігін тоқтатуы әрине Конституциялық заң алдындағы жауапкершілігі деп білемін. Қазақ елін әлемге танытқан тұңғыш Президентіміз «Нұр Отан» партиясының төрағасы, халықтың бірлігі мен берекесін тоғыстырған құрметті тұлға.

Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығын сақтап келетін ымырашыл саясаты әлем елдерінің алдында ұлт белін көтерді. Міне, 27 жылдай қазақ елінің әлеуетін арттырып, қуатты экономикамызды қалыптастырып келген Елбасының еңбегі өлшеусіз. Н.Назарбаев қандай марапатқа да лайық, мемлекетіміздің көшбасшысы болды. Біз – қазақ халқы тұңғыш Президент салған сара жолдың баянды болашағына алаңсыз сенеміз. Әрине, сеніп қана қоймай, елдің бақуатты тірлігін, тыныштығын қалыпты жағдайда жалғастыруға бірлігімізді жарастыру парызымыз деп санаймын. Сондықтан, көпұлтты мемлекетіміздің әрбір тұрғыны Қазақстанның жасампаздықпен жаңғырып, рухани тұрғыдан өркен жаюына атсалысуымыз керек деп түсінемін.

Н.Назарбаев өз өкілеттігін тоқтата отырып, мемлекетіміздің стратегиялық өркендеу бағытына сеніммен жігер берді. Бұл әрине, мемлекеттік қызмет тізгініндегі әріптестерім үшін де зор жауапкершілік, үлкен міндет деп ұғамын. Тұңғыш Президентіміз салған сүрлеу тәуелсіздік тарихымен сабақталып, дамудың даңғыл жолын қалыптастырды. Сондықтан, Қазақстанның даму тарихында өзіндік орыны ерекше тұлғаның еңбегін зор құрметпен бағалаймыз.

Оксана АЙКАШЕВА,

аудан әкімі аппаратының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521