Сән әлеміне алғашқы қадам

(0 Votes)

Атырау облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі  комиссиясы, облыстық ішкі саясат басқармасы «Шаңырақ -2008» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, Атырау қаласындағы  "Royal hall" мейрамханасында «Сән әлемі»  атты дизайнерлердің облыстық фестиваль байқауын  өткізді.

Шара отандық сән  индустриясында пайда  болып  жатқан жаңа  есімдердің  қатарына атыраулық ісмерлерді іліктіруді мақсат етті. Аталмыш  байқау облыста алғаш рет өткізілді. Байқауға жиырмаға жуық жергілікті дизайнерлер қатысты. Олар  көбінесе  еркін стильдегі киім үлгілерін ұсынды.

Фестиваль-байқауға Доссор кентінің «Ботақан» балабақшасының тәрбиешісі Маржангүл Орынбасарқызы  қатысып, белсенділігі үшін Атырау облысы әкімінің орынбасары, облыс әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық  саясат жөніндегі  комиссияның төрайымы А.Әжіғалиеваның дипломымен марапатталды. 

А.КЕУЕЛОВА,

аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521