Елбасының сара жолы жалғасын тапты

(0 Votes)

Президент өз Жолдауында Елбасы ұсынған 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясына және Ұлт Жоспарына сәйкес бірқатар құрылымдық міндеттерді іске асыруымыз жолындағы маңызды қадамдарды тағы бір айқындады. Соның бірі - шикізатқа байланған менталитеттен бас тартып, экономиканы әртараптандыру жолы.

"Білім экономикасы", еңбек өнімділігін арттыру, инновацияны дамыту, жасанды интеллекті жаһандық дамудың негізгі факторларына айналғанын алға тартқан мемлекет басшысы : "Индустрияландырудың үшінші бесжылдығын жүргізу барысында бұрын жіберілген қателіктер мен олқылықтарды ескеруіміз керек.Бұл мәселелер бойынша менің барлық тапсырмаларымды, ескертпелерімді Үкімет толық орындауға міндетті.Еңбек өнімділігінің нақты өсімін кем дегенде 1,7 есеге арттыруымыз керек. Елімізді өңірдегі көшбасшы ретінде танытып, Орталық Азиядағы беделімізді арттыру – стратегиялық міндет" деген еді. Елбасымыздың сындарлы саясатын әрі қарай сабақтастырған Президентіміздің бұл бағыты кім-кімді де бей-жай қалдырмайтыны анық.

А.Садыков

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521