Облыс әкімі Н.Ноғаев: «Барлық жағдай бар. Тұрғындар сапалы қызмет алуы тиіс»

(0 Votes)

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыстық басқарма басшыларымен болған жиында әлеуметтік желілер арқылы, оның ішінде, «Телеграмм» желісі арқылы халықтан келген өтініш-тілектерге уақтылы жауап беруді ескертті.

«Телеграмм» желісінде тұрғындар өз қаражаттарына алған тұрмыстық техникалардың электр желілері бойындағы қуаттың әлсін-әлсін өзгеріп отыруына байланысты істен шыққандығы жөнінде реніш білдірген. Бұл –жекелеген азаматтардың қаржылық ахуалына теріс әсер етіп, оларды шығынға әкеліп отыр. Тұрғындардың желідегі өкпе-реніштерінде коммуналдық қызмет көрсетуші мекемелер: «Атырау-Жарық» АҚ-ы, «Атырау су арнасы» КМК –ы пайдаланылған қызмет ақысына келгенде, тұтынушылардың құқына қарамастан, межелеген сомасын алудан шатаспайтынын алға тартып отыр. Аталмыш орындардың өздерінің міндетінен гөрі, қаржыны түсіруге көбірек мән беретініне тұрғындар наразы.

Мәселеге орай аймақ басшысы бей-жай қараудың орынсыз екендігін, сол себепті аталмыш қызмет орындарының басшылығы халықтың ұсыныс –тілектерін ескеріп, талап үдесінен шығуды тапсырды.

-Азаматтар крандарын ашқанда,- салқын су, ыстық су. Сондай-ақ, тетіктерді қосқанда,- жарық, газ келіп тұрғанын қалайды. Сондықтан, тұрғындарға сапалы қызмет етуді қамтамасыз етуді талап етемін. Барлық жағдай бар. Мүмкіндік зор. Жаз кезінде «судың қысымы төмен, жарық жоқ» дегенді қысқарту керек. Барлық күштерді жұмсап, осы мәселені реттеуді тапсырамын,-деген облыс басшысы. Мәселенің оң шешімін алуды ұйымдастыру жұмысын орынбасары Н.Таубаевқа жүктеді.

Е.МЫРЗА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521