Мақаттан тендер ұтып алған кәсіпкерден ақша бопсалағандар ұсталды

(0 Votes)

Атырау облысы полиция департменті Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыстық департаметімен бірлесе отырып, облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде Мақат ауданында кәсіпкерден 2,5 млн. теңге қаражатты қорқытып алу дерегі анықталған.

35 және 34 жастағы екі күдікті жәбірленушіден 1 млн. теңге алу барысында ұсталып, қамауға алынды.

 

Іс-құжаттарына сәйкес аталған күдіктілерге осы кәсіпкерден 2023 жылғы қазан айынан бері бопсалау арқылы жалпы сомасы 4,5 млн. теңгені заңсыз иемдегені үшін де күдік келтірілуде.

 

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521