Доссорда өзін өртемек болған ер адам қайтыс болды

(0 Votes)
Доссорда өзін өртемек болған ер адам қайтыс болды
фото: sputnik.kz

Атырау облысы Доссор ауылында өзін өртемек болған 1961 жылы туған ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды atr.kz тілшісі AtyrauPress-ке сілтеме жасап. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлім етуінше, өзін өртемек болған тұрғын бүгін таңғы сағат 04:30 минутта облыстық аурухананың жан сақтау бөлімінде есін жимай қайтыс болды.

Еске салайық, бұл оқиға 13 қаңтарда күндіз болған. Мақат аудандық полиция бөліміне 16 сағат 45 минуттар шамасында Доссор ауылының Б.Аймағамбетов көшесінде орналасқан тұрғын үйлердің бірінде ер азаматтың өзін өртеп жібергені туралы ақпарат түскен.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521