Жастар болашағын есірткісіз елестетеді

(0 Votes)

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  ұйымдастыруымен Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде «Есірткісіз болашақ!» ұранымен мектеп оқушылары арасында аудандық спартакиада өткізілді.

Екі күнге созылған спартакиадада оқушылар волейбол, футбол, тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі спорт түрлері бойынша бақ сынады. Жарыста Х.Санбаев атындағы орта мектебі, Л.Шахатов атындағы орта мектебі, М.Баймұханов атындағы орта мектебі, Бәйгетөбе мектеп балабақша кешенінен қатысқан 110 оқушы белсенділік танытты.

sporti-4

Жарыстың ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Н.Исполов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Кейін Әнұранға құрмет көрсетіліп, қызу жарыс басталды. Сайысқа қатысушылар әр спорт түрі бойынша белсенділік танытып, өз білім ұяларын алға жетеледі.

sporti-1

Жарыс қорытындысында жалпы командалық есеп бойынша Х.Санбаев атындағы орта мектебінің оқушылары үздік шықты.

sporti-6

Л.Шахатов атындағы орта мектеп қатысушылары ІІ орынға ие болды. Ал, М.Баймұханов орта мектебінің командасы үздік үштікті түйіндеді.

sporti-5

Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұйымдастырушылар тарапынан диплом, медаль және кубоктармен марапатталды.

 

М.СЕРІКҚЫЗЫ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521