Ойнай отырып, ойлай білді

(0 Votes)

«Болашақ» бөбекжай-балабақшасында ішаралық спорттық-интеллектуалдық эстафета ойындары  «Болашаққа білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен өткізілді.

Эстафета қимыл белсенділігін арттыруды,  салауатты өмір салтын насихаттауды,  балалардың денсаулығын нығайту мен ой-өрісін дамыту арқылы отансүйгіштікті арттыруды мақсат етті.

img_9063

 Ойынға ересек топ бүлдіршіндері арасында 5 ұл, 5 қыздан құралған «Ақсұңқар»және «Мерей» командалары қатысты. 

img_9077

Бағдарламаның кезеңдері бойынша санды кубиктерді ретімен орналастыру, есептің қосындысы мен  айырмасын табу үшін жұмыстанды.

Жарыс қорытындысы бойынша «Ақсұңқар» командасы жеңіске жетті. Қатысушылар ұйымдастырушылар атынан алғыс хатпен марапатталды.

img_9084

Қатысушылар арасынан   балалар іріктеліп, аудандық біріншілікке дайындықтарын бастап кетті.

А.ТАУМҰРЫНОВА

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521