Ел болудың қағидасы

(1 Vote)

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың 175 жылдығы қарсаңындағы «Абай және 21 ғасырдағы Қазақстан» мақаласы ұлылықты бойына дарытқан Ұлы Абайдың ғұламалық ойымен үндескен бүгінгі еліміздің қалпы, оны сақтаудың жолдары берілген. Иә, елімізде орасан зор жұмыстар жүзеге асқалы отыр.

Ел үшін жасалып жатқан игілікті істердің бәрін дұрыс ұғынып, оның мазмұнын түсініп болмай, алға қадам басудың өзі оңайға соқпасы анық.

Ең әуелі Елбасымыз Н.Назарбаевтың ширек ғасыр бұрынғы айтқан сөзіне мән беріп көрелікші.

«Жан-жағымызбен тату-тәтті қарым-қатынастамыз. Алыспен де, жақынмен де алысып-берісіп жатырмыз. Нағыз іскер ахуал орнатуға не керектің бәрі бар. Жетпейтіні: Абай айтқан ынта мен ыждаһат, білуге ыждаһат, үйренуге ыждаһат, енбектенуге ыждаһат күшеюдің орнына әлсіреп бара жатқандай. Оның орнына Абай айтқан қырсыздық пен қияңқылық, «өтірік пен өсекті жүндей сабаған» даукестік пен даңғойлык, өз елін өзі аңдыған» көрсеқызарлық, қозғау салып қоздырғыш» жікшілдік пен «сөз қыдыртқан, жұрт құтыртқан партияшылдық» азаяр емес. Экономикалық белсенділікті, Абайша айтсақ, «өз жерімен, өз елімен ойрандасып, ойсыздарға қойнын ашып, мал шашумен», «халыққа қайыры бар іс бітірмей», «қардың суы сықылды тез суалар, еңбек қылмай табылар мал-дәулет», саяси белсенділікті дау жоқ жерден дау іздеумен, жау жоқ жерден жау іздеумен, әлеуметтік белсенділікті ұрынарға қара таппай жүретін ұрдажықтықпен, әр нәрсеге бір тұмсық тығатын тіміскілікпен шатыстырып алу етек алып барады. Бұған ренжімегенде, неге ренжисіз? Өзімізге өзіміз өкпелеуге мәжбүрміз»деген еді.

Содан бері өзгерген нәрсе бар ма? «Бар» немесе «жоқ» деген уәждер айтылып жатар. Десек те, адамдық болмысымызды қалыптастырар тұлға, тұлғаның еңбегі бар екендігін ұғынсақ етті. Қай бір жиындарда, бас қосқан отырыста дәйексөздердің тегін Абайдан алсақ, Абайша тұжырымдап, Абайша баға берсек, ұтылмаймыз. Барша отандастарыма «жылт еткен» көріністер арқылы емес, ойлы істеріміз арқылы Абайды дәріптейік дегім келеді. Ел болудың қағидасын танытқан Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын абыроймен өткізуге шақырамын.

Гүлзада САЛИКОВА,

газеттің бас редакторы

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521