Классикалық туындылар орындады

(0 Votes)

Облыстық білім беру басқармасының ұйымдастыруымен балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің білім алушылары - жас музыканттардың 53-ші облыстық фестиваль - байқауы өтті.

Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясында өткен байқау оқушылардың музыкалық - эстетикалық тәрбиесін жетілдіру, олардың орындаушылық шеберлігін арттыру, қазіргі қоғамда музыкалық өнерді насихаттау, музыкалық өнер мен білім берудегі жаңа прогрессивті үрдістермен классикалық дәстүрлердің өзара әрекеттесуін іздеуді мақсат етті.

Фортепиано мен  хор номинациясын қамтыған байқауға  аудандық іріктеуден өтіп, жолдама алған оқушылар қатысты.

Фортепиано аспабынан Тыныштық Олжас орта топ бойынша «Алғыс хат» иеленсе, Батырбекқызы Нұрай кіші топ бойынша дипломант атанды.  Мақат балалар өнер мектебі балалар хор ұжымы І орынға ие болды.

Лауреаттарды дайындаған тәжірибелі ұстаз Қазбек Ильясов пен  хор дирижері Динара Ергенова  және концертмейстер Мереке Тлеуқұлова арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

 

Асқар Дюсенов,

директордың тәрбие жұмысы

жөніндегі орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521