Азаматтың аты ардақталды

(0 Votes)

Атыраудағы  «Жайық» мәдени-спорт кешенінде Кеңес Одағының спорт шебері, еңбек ардагері, Мақат ауданының құрметті азаматы Ақмұрзиев Боран Шохманұлының рухына арналған еркін күрестен Халықаралық турнир өтті.

Ақмұрзиев Боран Шоxманұлы 15 жыл Байшонас кентінің әкімі болды.  Бір кездері ауылдың мектебін аяқтап, Қарағанды қаласынан дене тәрбиесі пәні мұғалімі мамандығын алып келді.  Кейіннен ел арасындағы беделі мен белсенді өмірі оның басқару  ісіне ыңғайлы екендігін танытты. Сөйтіп, кішігірім болғанмен, сол кездегі проблемасы бір елге жетерлік Байшонас аулын басқарды.

6a6c273a-51fa-479d-a39a-72bd9c0f1d35

Боран Шоxманұлы кенттің әлеуметтік, экономикалық хал-ахуалымен бірге, қоғамдық, рухани тұрғыда дамуына зор мән берді.

Аядай ауылда ауыл спорты айтарлықтай дамыды. Шаxмат, бокс, еркін күрес үйірмелеріне жан бітті.

Еңбегі ескерілген жан абыройлы болды. Оған марапаттары куә. Ол «Доссор мұнай кен орнына -100 жыл» төсбелгісімен, «Мақат мұнай кен орнына – 90 жыл» ескерткіш белгісімен, «Спорт ардагері» төсбелгісімен және «Үздік поселке әкімі» атағымен, сондай-ақ ауданның үздік әкімі атағымен наградталған болатын.

 Ауылдың дамуына, сол арқылы, ауыл тұрғындарын ынтымақты тірлік жолында біріктіруге ықпал еткен Боран Шоxманұлы осындай жан едi.

a99e95af-5e1b-46fc-bae9-06175eaf95e1

2005-2007 жылы туған жасөспірім балуандар екі күн бойы өзара мықтыны анықтады. Сайысқа 11 командадан 300-ге жуық палуан қатысты. Олардың ішінде Ресейден үш бірдей команда келген.

Турнирдің ашылу салтанатында Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Ибатоллаұлы мұндай турнирлердің облыс орталықтарында өтуі жергілікті жастардың спортқа деген ынта-жігерінің артуына зор септігін тигізетіндігін атап өтті.

Аталмыш шара аясында  бір топ спорт жанашырлары Атырау облысы еркін, грек-рим және әйелдер күресі федерациясы атынан алғыс хаттармен және еркін күрес жанашырлары төсбелгісімен  марапатталды.

78dae7de-0df7-4767-94f9-61d6f0998372

«Атырау облысында күрес түрлері қарқынды түрде дамып келеді. Соның дәлелі ретінде осы Боран Шохманұлы атындағы турнирді атап өтуге болады.  Болашақта ел намысын қорғайтын жігіттер осындай халықаралық жарыстарда шыңдалады. Сондықтан осы турнирді жастар арасында өткізуді жөн көрдік», – дейді грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының Атырау облысы бойынша вице-президенті Нұрлан Усеев.

 Өз тілшіміз

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521