Ищан кәсіпқойлар арасында үшінші белдікке ие болды

(0 Votes)

Жерлесіміз Ищан Галиев Тайланд елінде муай-тайдан кәсіпқойлар арасындағы үшінші жекпе-жегін өткізді.

Қытай спортшысы Джим Ченгпен болған кездесу уақытынан бұрын аяқталды. Ищан қарсыласын бас көтертпей, айқын басымдылықпен жеңді. Пхукет қаласында Раваи Боксинг Стадиумдағы кездесу бес раундқа жоспарланған болатын. Алайда, Ищан қарсыласын бірінші раундта-ақ шынтақпен ұрып құлатты. Осылайша қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп, белдікке ие болды. Бұл - Ищанның кәсіпқой аренадағы үшінші жекпе-жегі. Үшеуінде де уақытынан бұрын жеңіп отыр. Қазіргі уақытта ол Тайланд елінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.                                               

Бұдан өзге осы сайыста алты елдің спортшылары қатысуымен, үш кездесу ұйымдастырылды.

М.ІЗТҰРҒАНОВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521