Футболшылардың жеңісі

(1 Vote)

Наурыз айының 4-5-6 күндері аралығында Атырау қаласында оқушылар арасында футболдан «Ұлттық мектеп лигасы» өтті.

Сайыста 7-8 сынып оқушыларынан құралған жеті команда бақ сынады. Атап айтсақ, Махамбет, Қызылқоға, Индер, Құрманғазы, Жылыой, Мақат аудандары және Атырау қаласының командалары қатысты.

Аталмыш сайыста аудан намысын қорғаған Б.Қанатбаев атындағы орта мектеп оқушылары шеберліктерін танытып, жарыс жеңімпазы атанды. Финалдық бәсекеде аудан спортшылары махамбеттік оқушылармен доп тебісіп, негізгі ойынды 2-2 есебімен тең аяқтады. Кейін, командалар 11 метрлік айып добын тебісіп, жерлестеріміз 3-1 есебімен басым түсті.

Сайыс қортындысы бойынша жарысқа қатысқан он жас аяқ допшылар және жетекшілері Жанабек Есенбеков, Мәулен Күншығаров медаль және дипломдармен марапатталды.

М.СЕРІКҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521