Коронавируспен күрес қарапайым қағидалардан басталады

(0 Votes)

Бүгінгі таңда коронавирус  індеті күннен-күнге өршіп, төрткүл дүниені дүрліктіріп отыр. Бұл ретте біздің ауданда да оның таралуына қарсы және алдын алуға арнайы жұмыс тобы құрылып, түсінік жұмыстары әр түрлі мекемелер арасында 5 наурыздан басталып кеткен болатын. Аталмыш іс-шаралар жоспарына сәйкес аудандық мәдениет үйінде жиын өтті.

Аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау  және қадағалау басқармасының басшысы Г.Тоғаева аты жаман ауру туралы жиылғандарға толығырақ кеңес беріп, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Білгеніміздей, бұл вирустың атауы әлеуметтік желіде айтылғандай "құранды" өртегеннен емес, оның пішіні тәжге ұқсағандықтан осылай аталған екен. Әлемдегі вирустардың ішіндегі ең үлкен вирус-мутант болып табылатын бұл "пәленің" 160 мутация түрі бар дейді маман.

whatsapp-image-2020-03-10-at-18_22_48

Сонымен қатар, вирус сәт сайын әлемді жайлап келе жатқаны белгілі. Мамандар тиісінше сол елдердің қауіптілігіне қарай түрлі категорияларға бөліп тастаған. Айталық "А" категориясына КХР, Иран, Оңтүстік Корея, Италия елдері жатса, бірінші "Б" категориясына  Франция, Германия және Испания елдері жатады. Бұл елдерге барып келген адам ауырып немесе ауруға күдікті болып тұрмаса да, 14 күнге бақылау мақсатында стационарда міндетті түрде оқшауланып,  карантинге жатқызылады. Бұдан кейін де он тәулік бойы телефон арқылы жағдайы сұралып отырады. Және бұл елдердің тізімі жаңарып отыр. Қазіргі таңда қазақ елі Қытай, Иран, Оңтүстік Корея және Италия мемлекеттерімен шекарасын жапқан.

whatsapp-image-2020-03-10-at-18_23_42

Вирус ауа тамшылары арқылы берілгендіктен, бір адамның өзі бірнеше адамға жұқтыруға қабілеті бар. Сондықтан әр адам қарапайым сақтық шараларын сақтап жүруі қажет. Тұрғындардың ертеңіне алаңдаған маман ең жеңілі қолды қалай жуу керектігіне дейін тәптіштеп түсіндіріп, амандасқанда да сақтықты ұмытпау керектігін еске салды.  Аталған вирус жоғарғы температурада өлетін болғандықтан, күннің ысуымен оның қарқыны төмендейді деп күтілуде деп атап өтті.

А.САДЫКОВ

Cурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521