Құлсарының орталық аудандық ауруханасындағы реанимациядағы 3 науқас Бейнеуге эвакуацияланды

(0 Votes)
Құлсарының орталық аудандық ауруханасындағы реанимациядағы 3 науқас Бейнеуге эвакуацияланды

Су басу қаупіне байланысты Жылыой ауданында халықты көшіру жалғасуда, - деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ бойынша оперативті штабы.

 Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, Жылыойдың аудандық ауруханасынан 39 науқас пен оларға күтім жасайтын 8 адам Бейнеудің орталық аудандық ауруханасына эвакуацияланған.

Олардың ішінде екі жүкті әйел, 8 босанған әйел мен 13 бала, соның ішінде, 4 жаңа ғана дүниеге келген нәресте бар.

- Су басу аумағынан реанимация бөлімінің 3 науқасын, хирургия бөлімінен 7, терапия бөлімінен 6 адамды эвакуцияладық. Жалпы, Атырау облысынан Бейнеу ауруханасына келетін науқастар үшін 300 төсек орны дайындалды. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілуде,-деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайсар Абдалиев.

Айта кетейік, Құлсарыдан Бейнеу ауруханасына дейінгі қашықтық 225 км. құрайды. Эвакуациялау жұмытарына 14 реаномобиль, 1 Икарус автобусы тартылып отыр, науқастардың қасында 8 дәрігер бар.

Атырау облысы бойынша жедел штаб

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521