Атырауда үшем дүниеге келді

(0 Votes)

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 26 жастағы Бекзада Қадырбаева үшемді дүниеге әкелді. Нәрестелердің екеуі қыз, біреуі - ұл. Сәбилердің салмағы 1 келі 711, 1 келі 823, үшіншісі 1 келі 420 грамм. 

«Сәбилердің салмағына, жағдайына байланысты бірінші кезеңде балалар жансақтау бөлімшесінде ем алып өз беттерімен демалмағандықтан жасанды желдету аппаратында болды. Жағдайлары тұрақтанған кезде патология бөлімшесіне ауысты. Сәбилердің қазір жағдайы жақсы, өз беттерімен демалып, емін алды. Қазір үйлеріне шығарылуда. Жағдайлары қанағаттанарлық», деді директордың неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Гүлмира Абекеева.

Үшемдердің анасы Бекзада – Атырау қаласының тұрғыны. Орталыққа 30 апта шамасында ауырып келген. Жүктіліктің қауіп-қатері болғандықтан Астанадағы орталыққа барып босануы қажет еді. Алайда, кейбір қарсы көрсетілімдерге байланысты атыраулық дәрігерлерлер облыстық перинаталдық орталығында ота жасап босандырып алған. Ота жасағанбілікті дәрігер Нұрлан Жұбанышев. Дәрігердің айтуынша, әйелде жеңіл приэклампсия, үшем диагнозы болғандықтан түрлі терапиялар жүргілізіліп, қауіп-қатерге қарамастан жүктілікт уақытын созып, әйелді 33 аптасында босандырған. Қазір әйелдің жағдайы жақсы.

Бекзада Қадырбаеваның жұбайы, енесі үйге шығару рәсімінде дәрігерлерге ризашылығын айтып, алғыстарын жаудырды. Үшемдер Бексұлтан мен Бекзаданың – тұңғыштары. Олардың есімдерін Абдулхаким, Хафиза, Хабиба деп атаған.

Сәбилерді үйге шығару рәсімінде Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Алмагүл Әбілова, Атырау облыстық перинаталдық орталықтың директоры Қазбек Ермағамбетов үшемдерге «Детский мирге» арналған 60 мың теңгелік сертификаттар сыйлады. Сондай-ақ, бұл күні Азаматтарға арналған үкімет мемелекеттік корпорациясының Атырау облысы бойынша филиал директорының орынбасары Нұрлан Дюсембаев сәбилердің куәліктерін салтанатты жағдайда анасына табыстады.

Нұргүл Насыр

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521