Мамандық таңдауға бағыт берді

(0 Votes)

Мамандық таңдау — тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау  Х.Санбаев атындағы орта мектеп пен М.Баймұханов атындағы орта мектепте «Сәтті қадам» жобасы бойынша орта кәсіптік  бағдарлау жұмыстарына, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктері, жоғары оқу орындарына және колледжге түсу мүмкіндіктері туралы қажетті мамандықты таңдауға  жоғары сынып оқушыларына түсінік жұмыстары жүргізілді.

Жиынға  аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы А.Қаржауова, Жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы А.Мұрзахметов, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі директорының  оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Дадахова, Полиция бөлімінің аға инспекторы К.Оразбекова, орталық аурухананың тіс дәрігері Е.Сартаев, М.Баймұханов атындағы орта мектептің директоры А.Таумуринова, Х.Санбаев атындағы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Жалғасбаева қатысты.

mamandyq-2

Тағдырыңды өзгертетін таңдау жасау өте қиын. Әсіресе, мамандық таңдауда мүлт кетпеу керек. Мынау нарықтық қарым-қатынас жағдайында өмірге аттағалы отырған жастың көкейінде «кім болам?» деген сұрақ тұр. Сондықтан да, болашақ өмірде қателеспесін деген ниетте өз ісінің мамандары оқушыларға яғни болашақ маман иелеріне бағыт-бағдар берді.

mamandyq-3

Әр түрлі маман иелері өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл – кеңестерін айтты.   Оқушыларда мамандарға сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын ала алды.

А.ТАУМҰРЫНОВА
Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521