ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

(0 Votes)
ЖЕДЕЛ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі Ринат Хисаұлының төрағалығымен су тасқынының алдын алуға қатысты жедел штаб отырысы өтті.

 Жиында елді мекендерді су басу қауіптілігі және оны алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар тыңдалды.

Жиын қорытындысымен штабқа бөгет соғу жұмыстарына жергілікті жердегі компаниялардан арнайы техникаларын жұмылдыру, су басу қауіптілігі жоғары әр уческесіне кезекшілік ұйымдастыру, Бәйгетөбе, ПМС ауылдарының айналасына бөгет соғу жұмыстарын аяқтау, су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылғандарды жанар-жағармаймен, қажетті құрал-жабдықпен және жататын орынмен қамтамасыз ету туралы тапсырмалар берілді.

Берілген тапсырмаларды қадағалау аудан әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына тапсырылды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521