Аудан әкімдігі ауызашар берді

(0 Votes)
Аудан әкімдігі ауызашар берді

 Қасиетті Рамазан айының соңғы жұмасында аудан әкімдігі мешітте ауызашар дастарханын жайды. Қадір түнімен тұспа-тұс келген қасиетті түнде жиылған көпшілік бірге ауыз ашып, дұға-тілек тіледі.

 Ауызашарда аудан әкімінің орынбасары Бекәділ Жайкин сөз сөйлеп, ораза айындағы дұға-тілектердің қабыл болуына ниет білдірді.

Сонымен қатар ардегерлер кеңесінің төрағасы Сәбит Халенов жиналған жұртшылыққа ұстап жүрген оразаларыңыз қабыл болсын, еліміз бейбіт ғұмыр кешіп, өркендеп, дами берсін деген ізгі тілегін жеткізді.

Сондай-ақ, орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов мың айдан да қайырлы - Қадір түні барынша сауапқа кенеліп, уақытты пайдалы өткізуге шақырды.

Ж.ҚАМЗА

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521