Жастар биік межеден көрінбек

(0 Votes)

Биылғы жылды Елбасымыз жастар жылы деп жариялауы біз үшін үлкен қолдау.

Елбасы қашанда мемлекетіміздің болашағына көрегендікпен қарап, жас буынның жадына елжандылық, отансүйгіштік қасиетті сіңіру мақсатында қолдап келеді. Біз –жастар еліміздің ертеңіне зор сеніммен қарап, мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көріп отырмыз. Бұған ел куә. Себебі, жастардың еңбекке тартылуы, жаңа ғылыми жобалардың жүзеге асуына еліміздің жастары ұйымшылдықпен атсалысып, биік белестерді бағындыруда. Елбасының қатысуымен жастар жылының салтанатты ашылуын онлайн режимде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Әсима Мендалиева аудан жастарымен бірге тамашалап, өз пікірімізді ортаға салдық. Онлайн жиынды тамашалаған аудан жастарын жігерлендірген еліміздегі түрлі инновациялық жобалардың орындалысы, жастардың жетістіктері.

Біз аудан жастары да еңбекке ұмтылып, өз кәсібін ашу мақсатында мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде біліктіліктерін дамытуға ниет қойды. Өткен жылдары ауданда 597 жұмыссыз жас жұмыс сұрап хабарласса, 400-ге жуық жас жұмысқа орналастырылды. Қазіргі таңда ауданда 35 жас жұмыссыз. Алдағы уақытта ол жастардың да еңбекке араласуына аудан басшылығы тарапынан қолдау шаралары алынады деп күтілуде. Мемлекеттің «Бастау-Бизнес» бағдарламасы аясында 56 жас оқып, 8-і өз кәсібін ашты. Бүгінде ауданның 172 жас азаматы кәсіпкерлікпен айналысып отырғаны көпке үлгі, қуантарлық жайт. Биылғы жастар жылында аудан жастарының әлі де талай биік межелерді бағындыратынына сенім зор.

Әсел ҚАРЖАУОВА,

Жастар ресурстық орталығының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521