Жақсылықтан біз де тыс қалмаймыз

(0 Votes)

Қырағылық сақтап, елдің тыныштығы үшін қызмет етіп жүрген құқық қорғау саласының қызметкерлері жанында жүрген көмекке мұқтаж жандарды да ұмыт қалдырмады.

Таяуда ғана олар «Мүмкіндігі шексіз әлемде» қайырымдылық шарасына қатысып, адамгершілік танытты.

Аудандық пробация қызметі бұл жолы еріктілер жылына орай жанашыр азаматтармен бірге әлеуметтік жағдайы төмен отбасы үшін азық-түлікпен көмек қолын созып, отбасының қуанышты жүздері мен разы көңілдеріне куә болды.

Адамдар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуда өзара көмек пен жолдастық сезім қашан да артық болмайды. Әсіресе пробация қызметі түрлі тағдыр иелерімен кездесіп, олардың арайлап атқан таңы мен батқан күндерінің бақытқа толы болуын қалайды.

М.ҮМБЕТАЛИЕВА,

аудандық пробация қызметі

тобының инспекторы әділет лейтенанты

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521