Кәсіпкерлерге есік ашық

(0 Votes)

Аудандық прокуратура ғимаратының мәжіліс залында ел президентінің 2019 жылғы 26-шы желтоқсанындағы «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» №229 жарлығының талаптарын сақтау және аудан көлемінде кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау бағытында дөңгелек үстел өткізілді.

Жиынға аудан прокурорының орынбасары А.Айтқалиев және бірнеше дербес бөлім басшылары мен мамандары қатынасты. Кәсіпкерлерге кеңес беруші және оларды қадағалаушы органдардың басшылары заң бұзушылықтар мен заңсыз тексерістерді тоқтату туралы да өз ара пікір алмасып, алдағы уақытта аталмыш жарғының аясында кәсіпкерлерге түсіндірме жұмыстарын жүргізудің жолдарын уағдаласты. Сонымен қатар әр аптаның бейсенбі күні кәсіпкерлермен арнайы ашық есік күні аясында жиналыс өткізіп тұру секілді ортақ тұжырымдама жасалды. Енді әр аптаның төртінші күні аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мәжіліс залында сағат 10:00 мен 12:00 арасында арнайы қадағалаушы органдардың басшылары мен мамандары кәсіпкерлерді толғандырып жүрген мәселері бойынша күтеді. Ендеше еріксіз тексеруге тап болып жүрген кәсіп иелері болса "құлағына алтын сырға!" 

А.САДЫКОВ

Сурет автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521