Теміржолға өткел керек

(0 Votes)

Теміржол — қауіпті аймақ. Алайда оны барша жұрт ескере бермейді. Әсіресе, шойын жолға жақын орналасқан аумақ тұрғындары жолды емін-еркін оңды-солды кесіп өте береді. Осындай олқылықтың  алдын алуды ескерген Доссор кенті әкімшілік ғимаратының үлкен мәжіліс залында кенттің «Бірлік» және «Ынтымақ» ықшам аудандарының тұрғындарына арналған жиын өтті. Жиынға аудан әкімі Шәкір Кейкінұлы төрағалық етіп, кент әкімі, бөлім басшылары және жауапты мамандар қатысты. Жиында ықшам ауданды кент орталығынан бөліп тұрған теміржолға тұрғындар үшін жер үсті өткел салу мәселесі қозғалды.

Кенттің бұл бөлігінде екі жүзден астам үй бар. Тұрғындар күн сайын орталыққа және  мектеп, балабақшаға дәл осы торап арқылы қатынайды. Сағат сайын толассыз қатынайтын пойыз жолы тұрғындарға қауіпті. Әрі ықшам аудандардың маңы арнайы қоршауға да алынбаған.

img_2564

Жалпы дерек бойынша бұл теміржол өткелімен бір тәулікте елуге жуық пойыз, күніне мыңдаған автокөлік жүреді. Пойыз жүрер уақытта көлік пен адамның үнемі ұзын-сонар кептелісі болады. Сондықтан бұл қозғалысқа қиындап, адам өміріне де қауіп төндірері анық. Сондықтан бұл алдағы уақытта балалар үшін, жалпы адам қауіпсіздігі үшін өзекті мәселеге айналып отыр. Жиын барысында осы мәселелер барынша қаузалды.  

img_2592    

Жауапты мамандар карта арқылы көпірді орналастырған жерді тұрғындарға таныстырды. Талқылау барысында жиынға қатысушылар көпір орналастырылған жер қолайсыздық туғызатынын айтып, келісім бермеді. Өйткені тұрғындардың күнделікті қатынайтын жері белгіленген жерден сәл алысырақ екенін түсіндіріп бақты. Сондай-ақ, тұрғындар көпір салу балалар үшін қауіпті екенін айтып, жерасты жол салуға қолқа тастады.

Толығырақ газетіміздің № 3 санынан оқи аласыз!

 

М.ІЗТҰРҒАНОВА

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521