Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде жаңа басшы

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының  "Қазақстан Республикасындағы Қазақстан жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 36-1 бабының 11-тармағына  және  "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы” Заңының 30-бабының 1-тармағына сәйкес аудан әкімі Шәкір Кейкиннің  өкімімен Ғалымжан Кайроллаұлы Жолдыбаев аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі  басшысының міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды.

 Күні кеше өткен аудан әкімі аппаратының мәжілісінде аудан әкімі Шәкір Кейкінұлы жаңа басшыны аппарат ұжымына таныстырып, бастап жатқан қызметіне сәттілік тіледі.

"Ауданда ірі жобалар жүзеге аспақшы. Көп ретте кенттердің сәулеттік ансамблі, жалпы ғимараттардың орналасуы біздің алдағы жоспарларымызға қайшы келіп жатады. Сондықтан сіздің алдыңызда зор міндет тұр. Ол Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес өз құзыретіңіз шегінде жерге, нысандарға иелік етіп отырған жауапты тұлғалар жауапкершілігін  білуі тиіс. Осындай үлкен салаға басшылық жасау - үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, жаңадан бастап жатқан қызметіңе табыс тілеймін. Өлкенің дамып, көркеюіне сіздің тәжірибеңіз жеткілікті. Олай болса,  саланы қарқынды дамытуыңызға сенім білдіремін!" - деді Ш.Кейкин.

Ғалымжан Кайроллаұлы Жолдыбаев 1962 жылы Құлсары қаласында дүниеге келген. 1986 жылы Алматы архитектура  құрылыс институтын ауыл тұрғын орындарының сәулеті және жобалауы мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1986 жылы Ембі кен орындарында инженер-инспектор қызметімен бастаған.

1989-2003 жылдар аралығында сәулет құрылыс бағытында қызмет атқарып келген.

2003 жылы Жылыой аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің меңгерушісі, Атырау облысы сәулет және қала құрылысы департаментінде мемлекеттік қызметін жалғастырған. 2008 жылы Мақат ауданы Қошқар поселкесі әкімінің қызметін уақытша атқарған. Жылыой ауданы сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымында қызметте болған.

Отбасылы.

"МТ"

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521