Ұрпаққа үлгі болған ерлігіңіз

(1 Vote)

Ауған елінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 31 жыл толды.

Үш ондықты артқа тастаса да, жүректерден сызы өшпеген соғыс туралы кейінгі ұрпақ білгені дұрыс. Осы мақсатта Бәйгетөбе мектеп-бөбекжай кешенінде "Ұрпаққа үлгі болған ерлік"атты мерекелік кездесу кеші өткізілді. Жиналған қауым өмірден озған боздақтарды үнсіздікпен еске алып, ерліктеріне тағзым етті. Ауған ардагерлері ардақталған кешке кешегі күннің қайсар жауынгері, бүгінде кеудесіне медаль таққан ардагер Жанаманов Түгелбай мен Искаков Оңғарбай құрметпен шақырылды.

erlik-2

Округ кітапханашысы Қ.Ақтаева мен мектеп кітапханашысы С.Жанкеева көрме ұйымдастырып, Бәйгетөбе ауылдық округінің әкімі Қ.Төлеуов ардагерлерді марапаттады. Мерекелік шара барысында Ауған соғысы ардагерлеріне мектеп оқушылары сауалдар жолдап, өз ойларын ашық айта отырып, сұхбат жүргізді.

Кеш барысында оқушылар ардагерлеріне арнап, жыр жолдарын оқыды.  Концерттік бағдарлама ұсынды.

Ж.Сағызбаева,

директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521