Шақыру қоңыраушасы қос қапталға орналастырылмақ

(1 Vote)

"НұрОтан" партиясы Мақат аудандық филиалы орталық аппараттың тапсырмасымен  ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар үшін  көлік инфрақұрылымына партиялық бақылау мақсатында жұмысшы топ құрып, Мақат кентіндегі теміржол вокзалына рейдтік жұмыс жүргізді.

Тыныштық Ещанова  бастаған  ауданның  үкіметтік емес ұйымдарынан бірнеше белсенді вокзал ішімен жіті танысып, мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті нормаларды вокзал әкімшілігінің қаперіне қайта берді. Айталық, шақыру қоңыраушасы вокзалдың тек ішкі бөлігінде орналасқан. Белсенділердің бұйымтайынан кейін енді шақыру қоңыраушасы қос кіре берістің де алдына орнатылмақ. Оларға арналған арнайы күту орны мен арба, сонымен қатар автотұрақ қарастырылған. Алайда,  зағип жандардың жолды дұрыс тауып жүруіне және қауіпсіздігіне арналған тактильді жолақ байқалмады.

bokzal-2

Ал,перронның жағдайы мүмкіндігі шектеулі жан түгілі, сау адамның өзіне қиындық тудыратыны бұған дейін де мәселе ретінде көтеріліп, жобалық смета құжаттары жасақталынып жатырғаны айтылған. Ол жобаның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар үшін  барлық жағдай қарастырылған.      

А.САДЫКОВ
Cуреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521