Мақаттық аналар алқа тағынды

(0 Votes)

Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында ұрпақ санын арттырып, ел демографиясына үлес қосып жүрген көпбалалы аналарға «Алтын» және «Күміс» алқалар табысталды. 

Салтанатты жиын барысында алдымен аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов құттықтау сөз сөйлеп, қоғамда аналардың орны ерекше екендігін айтып өтті. Сондай-ақ ол аналарға салтанатты түрде алқаларын табыстап, ықылас гүлін берді. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 25 тамыздағы №308 Жарлығы бойынша Гүлмира Байсұлтанова, Гүлжамал Бермағамбетова, Оксана Сейтмұхаммедова, Әсемгүл Ертілеуова, Динара Қабиева, Альбина Қошабаева «Күміс» алқа және Айгерім Есімова мен Гүлмира Шадманова «Алтын» алқамен наградталды.

«Кез келген мемлекеттің болашағы – оның саналы ұрпағы. Ал ұрпақ тәрбиелеудегі сіздердің орындарыңыз қашанда жоғары. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан үлестеріңіз үшін сіздерге алғыс білдіреміз», - деді аудан әкімінің орынбасары Ербол Ермағамбетов.

Шара соңында, көпбалалы аналар өз алғыстарын айтып, естелік суретке түсті.

Айта кетейік, бүгінде ауданымызда 209 «Алтын» және 348 «Күміс» алқалы аналар бар.

Ә.ҚАСЫМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521