Мақатта ақындар мүшәйрасы өтті

(0 Votes)

 Аудандық мәдениет үйінде аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Ана тілім – Алашымның айбыны» атты жазба ақындар мүшәйрасы өтті.

Аталмыш бөлім басшысы Нұрлан Исполовтың айтуынша, жыр додасы Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында және жас ақындарға қолдау көрсету, жас таланттардың шығармашылығын кеңейту, шеберліктерін шыңдау мақсатында ұйымдастырылған.

Байқау шарты бойынша 16-35 жас аралығындағы жас ақындар екі кезең бойынша сынға түсті. Алдымен олар тіл тақырыбында дайындап келген өлеңдерін оқыды. Екінші кезеңде әрқайсысы өздері суырған тақырып бойынша 15 минутта жыр құрады.

Қазылар алқасының шешімімен Р.Ғабдиев атындағы өнер мектебінің көркемсөз оқу шеберлігі мұғалімі Перизат Айлаева, аудандық жастар ресурстық орталығының NEET маманы Жадыра Есимова және М. Баймұханов атындағы орта мектептің оқушысы Шәрбану Есмұрза алғыс хаттарға ие болды. Ал үшінші орынды С.Шарипов атындағы мектеп-интернаттың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуандық Таңғалиев, екінші орынды аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әнуарбек Садықов, және бірінші орынды «Мақат тынысы» газетінің тілшісі Асылбек Есжан иемденді.

Қатысушылар мен қазылар алқасының барлығына аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің атынан дипломдар мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Өз тілшіміз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521