Кәріз құдығы құлыпта қалған

(0 Votes)

«Атырау су арнасы» таза ауыз сумен жабдықтау жүйесі адамдардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін аудандағы негізгі нысандардың бірі болып табылады.

Ал ауыз сумен қамтуда кәріз жүйесі үлкен рөл атқарады. Сондықтан, су арнасының сенімді, кідіріссіз жұмысын қамтамасыз ету өте маңызды.

Мақат кенті әкімінің төрағалығымен кіші мәжіліс залында жеке кәсіпкерлермен тұрғындардың қатысуымен кездесу өтті. Жиынға «Атырау су Арнасының» аудандағы өкілі Қ.Төлеуов, аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімі басшысы Т.Іңірбай қатысып, жеке кәсіпкерлердің аулаларында орналасқан орталық кәріз жүйелерінің келеңсіздіктері сөз болды. Жауапты басшылардың айтуынша кәріз жүйелерін «Атырау су Арнасының» вакуум көлігімен тазалау кезінде кейбір кәсіпкерлер қақпаларын ашпай, кедергі келтіріп отырғанын айтылды. Ал кәсіпкерлерге жерінің техникалық төлқұжаттары болса, заң жүзінде қарап, арнайы комиссия құрып, тексерілетіні ескертілді. Себебі, кәсіпкер пайдаланып отырған жері техникалық төлқұжаттарында көрсетілген гектардан артық болса, шара қолданып, айыппұл салынатыны, заңсыз салынған аулаларды бұздыруға шара қабылданатындығын қаперленді.

Аталған мәселелер бойынша «Атырау су Арнасының» аудандағы өкілі Қ.Төлеуовпен рейдке шығып, орталық кәріз жүйелерін құдықтарын аралап, зерттеу жүргізіп қайттық. Мәселен, «Барыс» базарының маңында орналасқан кейбір дүңгіршектер мен сауда орындары орталық кәріз жүйесіне қосылып, 200 полипропиленді кәріз құбырына өз беттерімен 110 диаметрлік пластик құбырларын жалғап алған. «Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса»- деп, әр кәсіпкер өз мүддесін ойлап, өзгені ұмыт қалдыруы басқа дүңгіршіктер мен дүкендерге кедергі келтіріп отыр. Жалпы, құрылыс нормаларының ережелері бойынша кәріз құбыры мен жеке тұрғын үйдің арасы 5 метр қашықтықта болуы керек екен. Бірақ, жеке үйлердің аулаларында орталық кәріз құбырының құдығы жатыр. Ол жерде апаттық оқиға орын алған жағдайда, жеке үйлерге вакуум автокөлігімен кіру қиындық туғызып, жұмысқа кедергі келтіріп тұр дейді - Қ.Төлеуов. «Атырау су арнасының» аудандағы жауапты өкілінің айтуынша қазіргі жаз айларында аудан тұрғындарының біразы өз ауласынан құдық қазық алып, ұрлық сумен бау-бақша өсіріп, отырғанға ұқсайды. Сондай-ақ, көпқабатты үйлердің тұрғындары да есептегіш аппараттан тыс жертөледен ұрлық су ұртап отырса керек. Мамандардың тексерісі кезінде, аталған олқылықтар анықталған жағдайда, тұрғындарға белгілі мөлшердегі айыппұл салынатындығы айтылды.

А.ТАУМҰРЫНОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521