Көкпарды көріп көңіліміз тоғайды

(0 Votes)

Ел Президенті Н.Назарбаевтың ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеу мақсатында мақалалары өткенімізді жаңғыртып, өшкенімізді жандыруға зор ықпал етуде.

Елбасының тапсырмасын құп алған елімізде дәстүрімізді жаңғыртар шаралар ұйымдастырылып, халқымыздың мәртебесін өсіруде. Мұның бір куәсін күні кеше ғана Доссорды думанға бөлеген дүбірлі дода - «Көкпар» ойынының дүрмегі мерейімізді тасытты. Жан-жақтан жиналған көкпаршылардың ұмыт қалып баратын ат спортына деген қызығушылықты арттырып, тақымын қысқан халықтың көзайымы болуы ұлттық рухымызды оятты. Көкпарды тамашалаушылардың ұйымдастырушыларға ризашылық-тары зор. Әсіресе, өскелең ұрпақтың салауатты өмірге бейімделуіне, ұлттық ойынның механизімін көзбен көріп, көңіл тоғайтуына сеп болды.

Ұлы даланың жеті қырын түгендеген ұлт тағдырын осындай ұтымды істерге ұмтылдыруға септігі мол деп есептейміз. Сондықтан, келешек ұрпақтың ұлттық дәстүр-салтымызды санасына сіңіру үшін көкпар ойынының тамашасы алдағы уақытта да жалғасын тапқанын қалаймыз.

Қуат МЫҢТҰРҒАНОВ,

Еңбек ардагері.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521